Accessibility links

Нигер-Ирақ байланыстары даулы мәселеге айналып отыр.


Ақ үй АҚШ елбасы Джордж Буштың Бағдад Африкадан уран іздеді деген барлау орындарының күмәнді мәліметтерін пайдаланғаны бойынша туындаған саяси бұлтты сейілтпекші.

Бірақ Буштың Ираққа қарсы соғыс ашу қажеттігін насихаттаған қаңтар айындағы мәлімдемесі жаңалық емес. Орталық барлау басқармасының айыптауларда нақты дәлел жеткіліксіз дегеніне қарамастан, бұны Британия бас министрі Тони Блэр мен жоғары лауазымды американдық ұлықтар да айтқан болатын.

Қаңтардың 28-і күні американ қолы Ираққа шабуыл алдында, Таяу Шығыста шоғырланған шақта АҚШ елбасы Джордж Буш өзінің елбасылық қызметіндегі ең маңызды сөзін сөйледі.

Одақ жөніндегі жылдық баяндамасында Конгрестің жалпы отырысында Буш соғыс алдында күллі Американы жұмылдыруға әрекет жасады. Ол Ирақ елбасы Саддам Хусейінді күллі әлемге қауіп төндіруші өйткені химиялық, биологиялық қаруға ие және Әл Қайда терроршыларымен байланыста деді.

АҚШ пен британдық жоғары лауазымды ұлықтар Саддамның тиым салған бағдарламалары ерте ме, кеш пе, табылмай қоймайды деген.

Бірақ та сол баяндамасында айтқан сөзі АҚШ-та нақты сыни дауылдың астында қалып отыр. Британия үкіметінің анықтауынша, Саддам Хусейін таяуда Африкадан елеулі мөлшерде уран іздеген.

Осы мәлімдеме қазір басты назарға алынып, Буштың ішкі және халықаралық беделіне нұсқан келтіріп отыр. Өткен аптада Ақ үй Ирақтың Африка оқиғасы қолдан жасалған құжаттардан тұрды, бірақ ол абайсызда Одақ жөніндегі жылдық баяандамаға кіргізілді деп мойындады. Орталық барлау қызметінің бастығы Джордж Тенет болған қателікті өз мойнына алып, Буштың баяндамасынан өз қызметкерлері бұл күмәнді ақпаратты алып тастауы тиіс еді деген.

Ирақ-Африка құжаттарының шығу тарихы бұлыңғыр. Ақпарат құралдарында жарық көрген көптеген мақалалар бойынша 2001-ші жылдың соңында Италия оншақты хат алған, онда Ирақтың ресми өкілдері Африканың елі Нигерден уран сатып алмақ болған мыс. Хабарландыруларда айтылғандай Рим бұл мәліметтерді Вашингтон мен Лондонға тапсырған.

Италия бірнеше мәрте өзінің бұндай күмәнді құжаттарға қатысының жоқ екендігін айтып, дүйсенбі күні өзінің барлау орындары бұндай хаттарды алып, оларды АҚШ-қа жөнелтуге құқының бар жоғын анықтау бойынша өз зерттеуін бастады.

Құжаттардың нақтылығына күмән туындады. Мысалы, бір хат 2000-ші жылдың қазанында жіберілген, хабарлар бойынша оған Нигердің Сыртқы Істер министрі Аллел Хабибоу қол қойған. Бірақ Хабибоу үкіметтен 1989 жылы кеткен. Тағы бір хаттағы Нигер елбасы Танджа Мамадоудың қолы "қолдан жасалған" дейді БҰҰ-ның Халықаралық Атом Қуаты агенттігінің өкілдері.

Орталық барлау қызметін ұятқа қалдырған оқиға 2002-ші жылдың басында болған, онда агенттік Нигерде жұмыс жасаған бұрынғы американ дипломатына Ирақтың уранмен қызығушылығын зерттеуді тапсырған. Ай басында АҚШ-тың Габондағы бұрынғы елшісі Джозеф Вильсон бұны кумәнді оқиға болды деп:

- Кез-келген әкімшілік көпшілікпен бөліспеген ақпараттарға ие, немесе олар алдын- ала шешім қабылданып қойған іске барлау орындары берген қажетті мәліметтерді пайдаланады, - деген.

Вильсонның мәліметтеріне сүйеніп, Орталық барлау қызметі 2002 жылдың 9 наурызында бұл мәселе бойынша Конгресс пен АҚ үйге анықтама жіберген болатын. Дәл осы мезгілде Мемлекеттік Департаменттің барлау орны Нигер-Ирақ оқиғасы туралы Мемлекеттік хатшы Колин Пауелді ескерткен.

АҚШ-тың барлау қызметінің аттары аталмаған қызметкерлері бұл күмәнді оқиғаны аяқтау үшін американ ақпарат құралдары арқылы хабарлаулары тиіс болатын. Бірақ бұл жасалмады.

Өткен жылдың 24 қыркүйегінде Өкілдер шатарында сөйлеген сөзінде Британия бас министрі Тони Блэр:

- Біз Саддамның Африкадан елеулі мөлшерде уран сатып алмақ болғанын білеміз, бірақ біз бұның табысты болғанын білмейміз, - деді.

АҚШ-қа қолдау көрсеткен басты одақтас елде бұл мәлімдеме қоғамдық пікірді қозғап отыр. Дәл сол кезеңде Британия үкіметі Ирақ мәселесін көтергенде, аталмыш мәлімдеме жасалып еді. Қазіргі таңда Блэр, Британия Нигер-Ирақ оқиғасының нақты болғандығын дәлелдейтін басқа бұлақтарға сүйенеді, бірақ оларға қауіп төндірмес үшін оны жариялай алмайды деп жүр.

2002 жылдың 24-ші қыркүйегінде Буш Конгресті Ираққа қарсы соғысты бастауға көндіріп, дауыс беру үшін жабық есік жағдайында Сенаттың Сыртқы істер комиссиясында баяндама жасады. " Нью Йоркер" журналының беделді журналисті Сеймур Херштың айтуынша, Тенет топ мүшелеріне Ирақ таяуда Африкадан уран іздестірді деген. Тенет болса топ алдында бұлай дегенін теріске шығарады.

Херштың нақты жазба құжаттарына сүйеніп айтуынша, тура осы топ алдында екі күннен соң Пауелл де дәл осындай мәлімдеме жасаған.

Ақ үйдің айтуынша, тек бір апта өткеннен соң ғана Тенет Нигер-Ирақ байланыстары туралы мәлімдемені Буштың Цинциннати қаласындағы 7-ші қазандағы сөзінен алдырған.

Ал ең қызығы бұл мәліметті 2003-ші жылдың қаңтарында Буштың Конгрестің жалпы отырысындағы Одақ жөніндегі жылдық баяндамасында қайтадан пайда болғандығы. Бұдан бір ай бұрын Халықаралық Атом Қуаты агенттігі Ирақтың Африка байланыстарын дәлелдейтін құжаттардың күмәнді екендігіне тоқталған.Биылғы жылдың 7-ші наурызында агенттік басшысы Мұхамет әл Барәдей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде:

- Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі мен қосымша дербес мамандардың тексеруі барысында Ирақ таяуда Нигерден уран алмақ болды деген хабарландырулар шындыққа жанаспайды, - деді.

Ақ үй қазір даулы мәселені баспақ ниетте, дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Буш:

- Менің ойымша мен алатын мағлұматтар, жақсы мағлұматтар және менің сөзімде айтылған мағлұматтар жақсы мағлұматтар және мен бүгін көзімді жеткізіп отырмын, менің Саддам Хусейін жойқын қаруды дамытып жатыр деген хабарландыруым да соған дәлел бола алады, - деді.

Буштың қолдауына қарамастан Орталық барлау қызметі күшті сынға ұшырауда. Төрт айдан соң Буштың Конгрестің алдындағы Одақ жөніндегі баяндамасында күмәнді Африка-Ирақ байланыстары туралы мәлімдеме неге қайтадан пайда болды деген сауал - ең даулы мәселе болып отыр.
XS
SM
MD
LG