Accessibility links

“Хан Тәңірі-2003” атты халықаралық фестиваль басталды.


Шілденің 17-сі күні Орталық Тянь-Шань тауларындағы Хан Тәңірі шыңының баурайында «Хан Тәңірі – 2003» атты халықаралық екінші фестиваль басталды.

Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Хан Тәңірі – 2003 халықаралық фестиваліне әлемнің 12 елінен келген 250 ден астам адам қатысқалы отыр.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқарма бастығының орынбасары Сергей Комаровтың айтуынша мұндай шара дүниежүзінде тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Қазақстан, Ресей, Украина, Түркия, АҚШ, Монғолия,Өзбекстан, Британия, Финляндия, Германия, Италия және Грузиядан келген құрама мүшелері әуелі дәргерлік байқаудан өтеді.

Фестиваль аясында құтқарушылардың халықаралық 1-слеті өтеді. Шараның мақсаты – құтқару қызметтері арасындағы халықаралық байланыстарды нығайту және оны дамыту, сондай-ақ таулы өңірлерде зардап шеккендерге жәрдемдесу, іздестіру- құтқару жұмыстарын өткізу төңірегінде тәжірибе алмасу болып табылады. "Хан Тәңірі –2003" фестивалінің қортындысы тамыздың 6-7- і күндері шығарылады.
XS
SM
MD
LG