Accessibility links

Ресей Грузияның өз әуе кеңістігін НАТО-ның барлаушы ұшақтaрына ашпақ ниетіне алаңдаушылық танытып отыр.


Тбилиси таяу арада өзінің әуе кеңістігін НАТО-ның барлаушы ұшақтарына ашатындығын білдіруі мұң екен, Ресей мен Грузия қарым -қатынастары ушыға түсті. Мәскеу Грузия мен НАТО-ны бұндай қадамдарға бармау жөнінде ескертіп отыр.

-Грузияның өз жерінде НАТО-ның АВАКС барлаушы ұшақтарын орналастыру ниеті Ресейдің ұлтық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі себебінен, Мәскеу өз тарапынан қорғану тәсілдеріне барады,- деп Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Александр Яковенко мәлімдеме жасады.

Ресейдің Мемлекеттік Думасының ТМД елдері бойынша комитет төрағасы Андрей Кокошиннің айтуынша, ол Грузия-НАТО жоспарларын Тбилисидің қаскүнемдік әрекетті деп түсінеді.

Өткен аптадағы Ресейдің Мемлекеттік телеарнасында сөйлеген сөзінде ол :-Грузия біздің көршіміз болғандықтан, біз бұл қадамды Ресей мүдделеріне жағымды әрекет дей алмаймыз. Ешкім де соғыс бастау жайында сөз қозғамайды. Десе де, мен айтқан болар едім, біз Оңтүстік Кавказ аймағынан төніп тұрған қысым бар екендігін сезінеміз. Қалыптасқан жағдайда бұндай қысым қажет емес. Бұл біздің мүддемізге де, Грузияның да, Американың да мүддесіне керек емес,-деді.

НАТО бұл мәлімдемеге жауап қайтармады. Бірақ Грузияның Сыртқы істер мекемесінің өкілі Каха Сиқарилидзе Ресейдің алаңдаушылығы айтуға тұрғысыз байбалам деді.

Наурызда Мәскеу, Тбилисиді Вашингтонға " қырғи қабақ соғысының" тәсіліндегідей американдық У-2 барлаушы ұшағына Ресей-Грузия шекарасының шешендік бөлігін бақылатып қойғандығын айыптады. Қазіргі дау-дамай да соны еске салады.

Ол кезде Грузия елбасы Эдуард Шеварнадзе американдық ұшақтар Тбилисидің өтініші бойынша жұмыс жасап, шешен жауынгерлерінің елге келмеулерін бақылады деп жауап қайырып еді.

Өткен жылдың 22-ші қарашасында Грузия НАТО-ға сұранғалы бері ол АҚШ-пен қарым-қатынастарын арттыра түсті.

Тбилисидің НАТО-мен серіктестігіне байланысты Мәскеуде жарық көретін " Независимая Газета " басылымының жазуынша, Грузияның АВАКС ұшақтарына өз аспанында ұшуға мүмкіндік беруі, олардың Ресейдің Дондағы-Ростовқа шейінгі жерін бақылауға мүмкіндік береді, бұл Грузия шекарасынан солтүстікте мөлшермен 450 шақырымдай. Бұндай қашықтықта шетелдік әуеден барлау орындары ішкерілеп, Ресей жеріне еніп көрген емес дейді күнделікті басылым. Сондай-ақ бұнда барлау саласында Грузиямен қарым-қатынастардың артуымен қоса, НАТО-ның Бас Хатшысы Джордж Робертсонның Орталық Азия аймағына сапарына да назар аударылады.

Ресей әскерилерінің басылымы " Красная Звезда"-ның хабарлауынша, НАТО-ның АВАКС ұшақтарына жауапты генерал Иохан Дора, Тбилисиде Грузия Қорғаныс министрі Давит Тевсадземен және әскербасы Иони Пиртқалишвилимен жолыққан.

Бұл үшеуі Грузияның НАТО-мен одақтастығын талқылаған және НАТО-лық ұшқыштар АВАКС ұшағының мүмкіндіктерін көрсеткен, ұшақты Дора Тбилисиге жеткізген.

Грузияның ұлттық телеарнасы бұл бұрынғы Совет Одағының жеріне НАТО-ның радарлық ұшағының тұңғыш рет келуі деп хабарлады.

Ұшақтың мүмкіндіктерін көрсету ұшырылуынан соң ақпарат құралдарының өкілдеріне Тевсадзе, " Әуеден қорғалусыз қалған Грузияның қауіпсіздігіне қажетті мәліметерді НАТО-ның барлаушы ұшақтары бере алады" деді.

Бірақ Дора, Грузия одаққа қосылмайынша бұл мәліметтерді ала алмайды деді.

Мамыр айында Тбилисиде болған кезінде Робертсон гүржі ресми өкілдеріне," одаққа мүше болу жолы ұзақ әрі ауыр " болады, әрі олардың демократиялық реформаларды іске асыруына байланысты деді.

АҚШ өткен жылы Грузия әскерінің ең таңдаулы бірнеше бөлімшелерін терроршылдыққа қарсы жаттықтыру ісіне 64 миллион доллардың қаржысын жұмсады. НАТО-ның мүшелері Түркия, Франция және Германия да Тбилисиге өз қарулы күштерін жаңалауға жәрдем беруде.

Бірақ бұл көрсетіліп жатқан көмекке қарамастан, Грузия армиясы бюджеттік қиыншылықтарға тап болып отыр. Бейсенбі күні Тевсадзе, өзінің өткен алты ай ішінде көптеген әскери бағдарламаларды тоқтатуға мәжбүр болғанын, өйткені ол үкімет уәде берген ақшаның не бәрі 60 пайызын ала алғанын мойындады.
XS
SM
MD
LG