Армениядағы елші Тойли Құрбанов елге оралмай, шетте саяси баспана сұрады деген мәлімет шындықпен жанаспайды, деп мәлімдеді кеше Түрікменстан сыртқы істер министрлігі. Тойли Құрбанов білімін жетілдіру және ғылыммен айналысу талпынысы асқан соң президент Сапармұрад Ниязовқа өзі арыз түсірді, өтініш қабылданған болатын, дейді ресми Ашхабад.
Түікменстанның Армениядағы елшілігіне жақын адамдар болса сәрсенбі күні "Азаттық" радиосына керісінше мәлімет айтты. Тойли Құрбановтың қайда жүргені беймәлім, ол елшілікте бір жапырақ қағаз тастап, қызметтен бас тартқанын, елге қайтқысы жоқ екенін хабарлаған. Тойли Құрбанов Америка Құрама Штаттарында өзіне және отбасына баспана сұраса керек. Ондай болса Тойли Құрбанов – 2001 жылдан бері елге қайтудан бас тарқан бесінші түркімен елшісі болады.