“Қазақ әдебиеті” газетінің 18 шілде күнгі санында белгілі сыншы Таласбек Әсемқұловтың “Әдебиетті таланттар ғана жасайды” деп аталатын сұхбаты жарық көрген. Газетке берген сұхбатында белгілі сыншы соңғы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі қалыптасып бара жатқан теріс тенденцияны, талантты тұлғалардың соңынан шырақ алып түсетін жаман әдеттің бар екендігін қатты сынға алған.
Газеттің алтыншы бетінде жарық көрген мақаласында профессор Талас Омарбеков тарихшы Ермұхан Бекмахановтың 1952 жылы Кенсары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісін жазғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылғанына ерекше тоқталып өтеді. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, тарихшы Ермұхан Бекмахановты сол кездері қорғаған ғалымдардың бір тобы түрмеге қамалып немесе жер аударылған, ал ғалым Әлкей Марғұлан бастаған бір тобы қызметтерінен аластатылған. Е. Ділмұхамедов, А.Жиреншин тәрізді оқымыстылар ғылым кандидаты атақтарынан айырылған.
Газеттің жетінші бетінде жас жазушы Мәдина Омарова танымал журналист Жәнібек Сүлеевпен пікір еркіндігі, сөз бостандығына қатысты ой бөліскен.
“Патриоттық сезім, ұлтыңды сүю өте тамаша қасиеттер. Мен оны жоққа шығара алмаймын. Бірақ осы түп-төркіні таза арнадан бастау алатын қасиетті сезімдердің әлдекімдердің қолжаулығы болып кетпеуі маңызды деп есептеймін”, - дейді Жәнібек Сүлеев.
“Заң” газетінің кезекті №32 (468) санында Уәли Қадырдың “Білім ордасындағы былық” деп аталатын мақаласы жарық көрген. Мақалада Талдықорған облысы, Панфилов ауданындағы Сүптай орта мектебіндегі белең алған заңсыздықтар туралы айтылады. Мақала авторының айтуына қарағанда, мектеп директоры Ғ. Рысбаев, есепшісі С. Рақымжанова мен шаруашылық меңгерушісі Н.Ибрагимовтың өз жұмысына атүсті қарағандықтарынан мүліктер мектептің кірісіне алынбаған.
“Олар мектепке келген мүлікті әкелерінен қалған мұра секілді қабылдаған. Мектепке берілген тоңазытқыштың біреуі тексеру барысында мектеп директорының үйінен шыққан. Сонымен қатар маусымдық жылыту кезінде алынып келген жанар-жағар майларды мектептің есепшісі, шаруашылық меңгерушісі өз уақытында мектептің кірісіне алмай бес-алты күн кешіктіріп отырғандығы анықталған”, - дейді “Заң” газетінің тілшісі Уәли Қадыр.
Газеттің төртінші бетінде Қалбай Әділдің “Кенсары ханның бас сүйегі елге қашан қайтарылады” деп аталатын мақаласы жарық көрген. Автор өз мақаласында қазақтың соңғы ханы Кенесарының басын кіндік қаны тамған топырағына әкеле алмай жатқандығымызды тілге тиек етеді. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, үстіміздегі жылы Мәскеуде өткен Қазақстан жылының ашылу салтанаты кезінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл- Мұхамед ресейлік әріптесі Михаил Швыдкойға осы меселені жеткізіпті” деген мақала авторы “Кенесары ханның басын елге қайтарудың – тарихи оқиға ғана емес, елдігімізді танытатын үлкен қасиет екендігіне де ерекше тоқталып өтеді.
“Егемен Қазақстан” газетінің 18 шілде күнгі санында Ғалым Сүлейменнің “Замандастар фестивальде қауышты”, Нұрлан Қалқаның “Шағын кәсіпкерліктің болашағы үлкен” және тағы да басқа саяси, рухани, мәдени мәселелерге арналған мақалалар жарық көрген.
Газеттің төртінші бетінде Батық Мәжитұлының “Қазаққа да қасиетті Санкт-Петербург” деп аталатын көлемді мақаласы орын алған. Мақалада 30 маусым мен 4 шілде аралығында Санкт-Петербург қаласында “Алматыдан ізгі сүйіспеншілікпен” атты өнер фестивалінің болғандығы туралы баяндалады. Батық Мәжитұлының айтуынша Санкт-Петербург қаласында Кеңес дәуірі тұсында орнатылған ескерткіштердің бір де біреуі қиратылмаған. Ал Гүлзейнеп Сәдірқызының мақаласында Алматы кино үйінде жазушы Дүкенбай Досжан туралы түсірілген деректі фильмнің тұсаукесері болып өткендігі туралы айтылады. Деректі фильмді түсірген – режиссер Қалилла Омаров.
“Начнем с понедельника” апталығының 18 шілде күнгі санында Сая Иссаның “Ғалымжан Жақияновтың тағдыры алаңдатады” деп аталатын мақаласы жарық көрген. Мақалада келтірілген деректерге сүйенсек, мемлекет басшысының атына - бір жарым жылдан астам уақыттан бері түрмеде отырған оппозиция өкілі Ғалымжан Жақияновқа рақымшылық сұраған халықаралық ұйымдардан көптеген үндеулер түсіпті. “Халықаралық Хельсинки федерациясының президенті Л.Алексеева, “Адам құқығы үшін” атты ресейлік қозғалыстың директоры Л.Понамарев, А.Сахаров атындағы қоғамдық орталықтың директоры Ю.Самодуров, “Сөз бостандығы мен ар-ожданды қорғау” комитетінің төрағасы Г.Якунин қазақстандық оппозиционердің денсаулығына өз алаңдаушылығын білдіріп отыр” дейді мақала авторы. Мақала авторының айтуынша, Адам құқын қорғау институтының президенті, Мемлекеттік Думаның депутаты С. Ковалев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жазыпты. Ол үндеуде былай делінген: “Ғалымжан Жақиянов қатты аурып жатыр. Ауру адамды түрмеде ұстау құқықтық мемлекеттің заңына сай келмейді. Біз Ғалымжан Жақияновқа байлансты тағылған айыптаулардың сот барысында толық дәлелденбегенін жақсы білеміз” дейді Мемлекеттік Думаның депутаты Ковалев мырза.
“Мегаполис” апталығының кезекті №28 (138) санында “Терроризмнің қауіптілігі” деп аталатын мақалалар топтамасы ұйымдастырылған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың айтуына қарағанда, соңғы он жылдың ішінде Қазақстан мемлекетінде қарулы қақтығыстар да болып тұрған. Дегенмен арнайы қызметтің нәтижелі істерінің арқасында соғыс отының тұтануына жол берілмеген.
Подполковник Антон Абатуров болса, террористік актіні ұйымдастырушылардың басты мақсаты, қоғамдағы тұрақты ахуалды бұзу деп есептейді. Мамандардың айтуынша, бір жарылғыш затты әзірлеу үшін, бүгінгі таңда бар-жоғы 150-200 доллар да жетіп жатыр. Және бұл жарылғыш затты киімнің ішіне тығу да, оны тасымалдау да өте ыңғайлы көрінеді.
“Караван” апталығының 18 шілде күнгі санында жарық көрген Игорь Куцайдың мақаласында бұрынғы өндіріс министрі Қайролла Оспановты тапсырыспен өлтірген адамдардың табылғандығы туралы айтылады. Мақала авторының айтуынша, рулық және жерлестік қатты дамыған Маңғыстауда тәртіп орнатқысы келген Қайролла Оспановты, оны өлтірместен бұрын талай қорқытып-үркітуге әрекет жасалынған. Қылмыскерлер Қайролла Оспановты бірден өлтіре алмаған. Бірінші оқ атылған кезде Қайролла Оспанов кеудесін ішінде құжаттары бар сөмкесімен қорғап қалған. Сөмкесінен төменірек жерден атқан екінші оқ оның өліміне себеп болды” дейді мақала авторы. Мақалада келтірілген деректерге сүйенсек, Қайролла Оспановты өлтіруге бұрынғы “Мұнайқұрылыс” бастығының ұлы Ержан Сағындықов тапсырыс берген. Оқиғаның қысқаша тарихына тоқталатын болсақ, Ержанның жанар май құятын бекеті болған. Бұл бизнес оған айына үш жүз мың теңге пайда әкеліп отырған. Қайролла Оспанов Ержаннан фирманың аумағынан жанар май құятын бекетін басқа жерге алып кетуін талап еткен. Міне осыған қатты наразы болған Ержан Сағындықов Қайролла Оспановты өлтіру үшін екі адамды жалдаған” дейді мақала авторы.