Accessibility links

Екі тәуліктен соң мәслихат депутаттарын тіркеу басталады


20 шілдеде мәслихат депутаттарын тіркеу басталады. Сондықтан, үміткерлердің сайлау алдындағы науқаны қыза түсуде.

Осы мәселеге орай жұма күні Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы Алматы қалалық бөлімі өздері тарапынан қанша үміткерлерді ұсынғандығын хабарлады. ДТҚ қалалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярованың айтуынша, бұл мәселеде билік тұтқасын ұстаған әкімшілік шенеуніктері тарапынан кедергілер көп көрінеді.

- Біз қайткен күнде де осы сайлауға қатысып, өз кандидаттарымызды ұсынуымыз керек деген шешім қабылдадық. Осы орайда үміткерлермен семинар ұйымдастырып, сайлау барысында орын алатын жағдайларды түсіндірдік, - дейді М.Аспандиярова.

Сондықтан қаладағы 37 окруктің бәрінде де ДТҚ ұйымынан ұсынылған кандидаттар науқан алдындағы шараға қызу кірісіп кеткен. Алайда құжаттарын толық тапсырып болғандардың саны тым аз – небары 13.

- Билік, яғни қала әкімшілігі қайткен күнде де демократтардың ұсынған кандидаттарын әйтеуір есебін тауып, сан түрлі сылтаумен тіркеуге жібермеу, сөйтіп оларды өткізбей тастау, - дейді Маржан Аспандиярова.
XS
SM
MD
LG