Accessibility links

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі келіссөздер сәтті жүріп жатыр.


Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау төңірегіндегі жағдайлар сәтті жүріп жатыр деді бүгін, Каспий мәселесі жөніндегі Ресей президентінің арнайы өкілі Виктор Калюжный. Оның айтуынша, қазіргі күнде Ресей мен Қазақстан арасындағы және Ресей мен Әзірбайжан арасындағы барлық келісімдер бекітіліп жатыр. Бұл елдермен Каспийдің энергетикалық мәселелері шешілді дей келе ол, теңіздің солтүстік жағы бизнес пен инвестиция үшін ашық және құқықтық қорғалған деп атап өтті. Виктор Калюжный Каспийдің солтүстік жағындағы Қазақстан аймағында ерекше қорғалған зона құруды ұсынды. Алдағы 25-ші шілдеде Каспий мәселесі бойынша Мәскеуде өтетін 10-шы отырыста басты назар- негізгі құжат конвенцияға аударылатын болады деді ол. Сонымен бірге, онда биоресурстар мен қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық келісімдерге дайындықта сөз болмақ. Қыркүйек айында Техранда, Каспий жағалауындағы 5 мемлекеттің келісімдеріне қол қою жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG