Accessibility links

Тони Блэр мен Жорж Буш Ираққа болған соғыс орынды болды, оны әлі тарих дәлелдейді-деп мәлімдеді.


Британия премьер министрі Тони Блэр Саддам Хуссейн режиміне қарсы болған соғыс орынды болды және бұл шешімнің дұрыстығын әлі тарих дәлелдейді деді. Тони Блэр бұл мәлімдемесін бейсенбі күні Вашингтонда, Конгресс алдында сөйлеген сөзінде айтты. Британия бас министрі сонымен қатар, терроризмммен күресте Ұлыбритания үнемі АҚШ-мен бірге болады деп атап өткен. Және Блэр Таяу шығыстағы жағдайдың тез реттеліп, Израель мен Палестина арасындағы бейбіт ахуалдың орнай бастағанына да тоқталған. Британия премьер министрі Тони Блэрдің одан соң АҚШ президенті Жорж Бушпен келіссөздері болды. Онда басты тақырып Ирақтағы жағдай жайында өрбіді. Буш пен Блэр екеуі де Ирақтағы соғыстың дұрыс бағытта болғанын тағы қайталады. Буштың сөзіне қарағанда, бұрынғы Ирақ режимі әлемге үлкен қауіп төндірген, сондықтан Саддам режимін құлату терроризммен күрестің бір бөлігі ретінде қаралады.
XS
SM
MD
LG