Accessibility links

Хельсинки адам хұқтары федерациясы Кремльді айыптаған мәлімдеме жариялады.


Халықаралық Хельсинки адам хұқтары федерациясы кеше шешен халқы үнемі үрей мен террор, зорлық-зомбылық жағдайында үмір сүріп жатыр, бұл аймақта құқтардың аяққа тапталып жатқанымен ісі жоқ деп Кремльді айыптаған мәлімдеме жариялады. Хельсинки федерациясы сондай-ақ Шешенстан мен көршілес Ингушетияда қарапайым тұрғындардың жоғалып кетуі жағдайларын зерттеп-тексеру үшін Ресейдің БҰҰ-нан лауазымды адамдарды шақыруы қажеттігі жөнінде ұсыныс жасаған. Кеше Грозныйда Шешенстан сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерден өтініштер қабылдап жатқандықтарын айтқан. Сайлау комиссиясының төрағасы Абдул Керім Арсаханов әзірге екі кандидаттан өтініш алынды деген. Өтініштерді қабылдаудың ең соңғы мерзімі - тамыздың 20-ы. Ассошайтед пресс жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша тұрғындар кеше Шешенстан астанасында оққа үшып өлген екі белгісіз адамның жалаңаш денелерін тапқан. Кешегі күннің бұл аймақтағы тағы бір оқиғасы Шешенстан мен Дағыстан шекарасында федералдық полиция күштеріне шабуыл жасалған. Жеті офицер жараланған.
XS
SM
MD
LG