Accessibility links

Кеше Ирақта тағы да бір америка солдаты қаза тапқан.


Бұл оқиға батыстағы Фаллужа қаласында жұма намазына жиналғандар арасында американдықтардың Ирақты басып алғандығына кезекті сындар айтылып жатқан кезде болған. Мамырдың бірінде АҚШ президенті Ж. Буш Ирақтағы басты соғыс қимылдары аяқталды деп жариялағаннан бергі бұл қаза тапқан американдық 34-ші солдат. Ал Ирақтың оңтүсік-орталық аймағындағы Кұфа, Моктада Садр қалаларында шиит мұсылмандарының діни және саяси жетекшілері кезекті дұға-намаздарын Америка күштері мен осы аптадағы АҚШ тағайындаған басқару Кеңесін сынауға арнаған. Садрда мешітке жиналған мыңдаған адам басқару Кеңесін мойындамауға шақырған. Бағдадта да бірнеше мың суннит мұсылмандары Кеңеске қарсы шыққан. Олар антиамерикандық әндер мен ұрандар айтып, Кеңестің Америка күштерінің Саддам Хусейнді тақтан құлатқан күні – 9 көкекті ұлттық мереке деп жариялау жөніндегі шешіміне наразылық білдірген. Америка әскерилері кешегі ең соңғы қимыл-әрекеттер Саддамның 62 жақтасын тұтқындаумен және бірқатар қару-жарақты қолға түсірумен аяқталды деген.
XS
SM
MD
LG