Либерияда қайтадан билік әскерлері мен көтерілісшілер арасында қанды қақтығыс басталды. Көтерілісшілер Либерияға бастайтын үлкен көпірді басып алып, қала маңына ене бастады. Тұрғындар үрейленіп үйлерін тастап қашып жатыр. БҰҰ-ның Либериядағы арнайы өкілі Жак Клайн батыс африкандық елдерге қайрылып, олардың өздері берген уәделерін тез орындап, Либерияға бітімгершілік әскерлерін жіберуін сұраған.