Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Ирақтағы уақытша американ-британ әкімшілігінің негізгі басым бағыты- елде мемлекеттік жүйе мен тұрақтылықты қамтамасыз ету деп біледі.


БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтағы уақытша американ-британ әкімшілігінің негізгі басым бағыты -елде мемлекеттік жүйе мен тұрақтылықты қамтамасыз ету деп есептейді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде сейсенбі күні сөйлейтін Кофи Аннан өз баяндамасында, Ирақтағы әскери оккупацияның аяқталу мерзімін белгілеу қажеттігін көрсеткен. БҰҰ-ның бас хатшысы Ирақтағы демократияның бастауы елдің еркіндігімен байланысты болуы керек деген. Бас хатшы сонымен қатар, БҰҰ-ның Ирақтағы басты мақсаты- економикалық, гуманитарлық көмек пен демократиялық құрылымдардың қалыптасуына қолдау көрсету әрекеттері деп атап айтқан. Кофи Аннанның бұл баяндамасының мәтіні алдын-ала Қауіпсіздік Кеңесіне жұма күні келіп түскен.
XS
SM
MD
LG