Accessibility links

Каспий қайраңын игерудің мемлекеттік бағдарламасы


Каспий қайраңын игерудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін Қазақстан мұнай операцияларының инфрақұрылым нысандарымен айналысуы тиіс

Қазақақпарат агенттігінің хабарлауынша, Үкімет басшысы Даниал Ахметов, Маңғыстау облысына жұмыс сапарынан кейін осылай деп мәлімдеген.

Премьер-министр, мұнай операцияларын және инфрақұрылым нысандарын теңіз және әуе арқылы қамтамасыз етуге маңыз беріп отыр. Осы мақсатта ол Баутино теңіз айлағында болған. Мұнда мұнай қайраңын игеру кезінде теңіз операцияларын қамтамасыз ету үшін қанша кеме қажеттігін анықтаған.

Даниал Ахметов, үкіметтің мұнай инфрақұрылымдарын және мұнай секторындағы нысандарды жүзеге асыратын барлық кәсіпорындарға толық көмек көрсететінін атап айтқан.

Премьер-министрдің айтуынша, еркін экономикалық аймақ қызметіне қатысты негізгі заңдар қабылданбақ. Үкімет еркін экономикалық аймақта жұмыс істейтін барлық кәсіпорындарды мүлікке және жерге салынатын салықтан, сондай-ақ 50 пайыздық коорпоративтік салықтан босатады. Еркін экономикалық аймақты дамытумен байланысты басқа да ұсыныстар қаралып жатыр.

Мұнай операцияларының қазақстандық болмысы инфрақұрылымды дамытуға байланысты болады.

Премьер-министр, инфрақұрылымды дамытудан алынатын табыстың мұнай өндіруден түсетін табыстан кем болмайтынын айтқан.

Маңғыстау облысындағы сапар барысында Үкімет басшысы “Еркін экономикалық аймақ туралы” Заңға түзетулер енгізу жөнінде жөніндегі ойын білдірген.

Премьердің сапарына орайластырылып дайындалған баспасөз баянында, 2003 жылғы қаңтардың 1-інен еркін кеден аймағында жұмыс істейтін «Ақтау теңіз айлағы» аумағында бүгінде 3 инвестициялық жобаның жүзеге асырылып жатқандығы айтылған. Атап айтқанда, «Стандартойл» компаниясы үстіміздегі жылғы қыркүйек айының соңына қарай 12 гектар жерді алып жатқан «Ақтау шыны талшықты құбырлар зауыты» ЖШС дайын өнімдер шығаруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде өндірістік цех құрлысы аяқталып, құрал-жабдықтарды құрастыруға кірісті. Бұл кәсіпорында жыл сайын көлемі 80-нен 400 мм дейінгі 400 мың метр шыны талшықты құбырлар шығарылмақ.

Биылғы күзде «Ақтау теңіз айлағы» аумағында Қазақстандағы аса ірі болат өнімдерін шығаратын «Испат-Кармет» ААҚ қуаты жылына 60 мың тонна және құны 60 млн. доллар мұнай-газ құбырларын шығаратын зауыт құрлысын бастауды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде 52 гектар аумаққа орналасатын осы зауыт құрлысының жобалық құжаттамалары дайындалуда. Зауыт құрлыс жұмыстары басталғаннан кейін 14 айдан соң пайдалануға беріледі. Бүгінде «Испат-Кармет» басшылығы келешекте осы құбырларды пайдалану жөнінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Биыл күзде сондай-ақ, қазақстан-сингапур «Keppel Kazakhstan» ЖШС теңіз верфінің құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлаған. Ол металл ұстындарын жасаумен, мұнай кемелерін, баржалар, Каспийдің қазақстандық қайраңын игеру үшін мұнаралар шығарумен айналысады. 40 млн. долларға бағаланған верфь 50 гектар аумақты алып, жыл сайын 15 мың тонна металл ұстындарын шығаратын болады. Бұл жобаның бірінші кезеңі оның құрлысы басталғаннан кейін 1,5 жылдан соң аяқталады.

Қазіргі кезде «Ақтау теңіз айлағы» еркін экономикалық аймағында жалпы көлемі 227 гектар инфрақұрылымдар салу жұмыстары жүруде.
XS
SM
MD
LG