Accessibility links

Кеше Словакия мен Венгрияның сыртқы істер министрлері Венгрия мемлекеті Словакиядағы азшылық венгер ұлты өкілдеріне қолдау көрсетуді қалай жүзеге асыра алады деген тұрғыда өзара келісімдерге келген.


Словакияның сыртқы істер министрі Эдуард Кукан мен Венгрияның сыртқы істер министрі Ласзло Ковацс Венгрия Словакияда тұрып жатқан венгерлердің білім алуына көмектесуді тек Словакия заңдарына сәйкес және осында тіркелген заңды ұйымдар арқылы жалғастыра алады деген келісімдерді мақұлдаған. Бұдан басқа да бірқатар келісімдерге қол жеткізілген. Азшылық ұлт өкілдерінің проблемалары жөнінде құрылған Словак-Венгер комиссиясының төрағалары келесі айда осы қол жеткен келісімдердің орындалуы жөніндегі екіжақты жоба бойынша бас қосатын болады. Сөйтіп екі мемелекттің арасында екі жылдан бері орын алып келген даулы мәселе тұрығысында бір шешімдерге қол жеткен тәрізді. Венгрия мен Румыния да Бухаресте бұдан бір күн бұрын осындай келісімдерге қол жеткізді.
XS
SM
MD
LG