Әлиев 19 үміткердің ішінде бірінші болып тіркелген кандидат.
80 жасар президент Әлиев соңғы екі аптаға жуық уақыттан бері Түркияда денсаулығын емдетуде. Осы жылдың көкек айында да ол денсаулығының нашарлауына байланысты, Түркияда екі апта ауруханада жатып шыққан болатын.
Президенттік сайлауға түспекші болып бел байлап отырған одан басқа 18 кандидаттың біреуі преиздент Әлиевтің баласы- Илхам Әлиев. Ол 15 қазандағы президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелу үшін қажетті мөлшердегі дауысты жинау үстінде. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша Гейдар Әлиев қажетті 50, 494 дауысты жинаған.