ЛОНДОН: Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэр қорғаныс министрінің кеңесшісі болған Дэвид Келлидің қазасына байланысты биліктен кетуді ойламайды. Ол жайында Тони Блэр “Скай Ньюз” телекомпаниясына берген сұхбатында мәлімдеді. Ағылшын премьер-министрі, сонымен бірге, Дэвид Келлидің қазасына тәуелсіз тергеу жүргізу қажеттігін атап көрсетті. Тони Блэр, сондай-ақ, өз үкіметінің кемшіліктері үшін жауапты екенін нұсқап көрсетті. Дэвид Келли – британ үкіметі мен Би-Би-Си телекомпаниясы арасындағы жанжалға шатысы болды. Би-Би-Си телекомпаниясы Тони Блэрдің үкіметін Ирақтан төнген қауіп-қатерді асыра көрсетті деп айыптады. Телекомпанияға сол ақпарды Дэвид Келли хабарлады деген күдік бар. Британ полициясы денесі өз үйінен алыс емес орман ішінен аңғарылған Дэвид Келлидің өзіне-өзі қол салып өлгенін растады.
Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэр қорғаныс министрінің кеңесшісі болған Дэвид Келлидің қазасына байланысты биліктен кетуді ойламайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсанға саяси баға беру, қуғын-сүргін ұйымдастырғандарды жауапқа тарту талабы неге аяқсыз қалды?
AzattyqTV