Accessibility links

Ирандағы “Ислам төңкерісінің сақшылары” әскери бөлімі “Шахаб-3” атты жаңа баллистикалық зымырандармен қаруланды.


ТЕҺРАН: Ирандағы “Ислам төңкерісінің сақшылары” әскери бөлімі “Шахаб-3” атты жаңа баллистикалық зымырандармен қаруланды. Ол зымырандар Израильдегі нысандарға жетіп жоя алады. Иранның рухани көсемі аятолла Хаменеи арнайы салтанатта сөйлеген сөзінде, Иранның қарулы күштері енді өзіне жүктелген барлық міндеттерді ойдағыдай орындай алады деп атап көрсетті. Иран теледидарының хабарлауынша, Иран армиясының маңдайалды бөлімі болып табылатын “ислам төңкерісінің сақшылары” әскери бөлімі өз жарағына көп әскери тікұшақ пен әскери ұшақтарды, оның ішінде Ресейде шығарылған “Су-25” әскери ұшақтарын алды.
XS
SM
MD
LG