Accessibility links

Шешен елінің Ведено ауданының Дышне-Ведено ауылы маңында ресейлік қосындар мен шешен көтерілісшілері арасында қақытығыстар орын алды.


Шешен елінің Ведено ауданының Дышне-Ведено ауылы маңындағы ресейлік қосындардың шешен жауынгерлерімен шайқасы кезінде алты сарбаз мерт болып, сегізі жараланды. Ресми мәлімет бойынша, үш шешен партизаны оққа ұшқан. Солтүстік Кавказдағы Бірікен әскери басшылықтың хабарлауынша, шешен жауынгерлері ауылды басып алмақ болған, бірақ олар Дышне-Ведено маңында тоқтатылған. Кеше кешке Грозныйдың Заводской ауданында автомобильді атқылау кезінде Ресейдің Новгород өлкесінен келген сақшы сардар жараланды. Науыр ауданының Николаевская ауылының жергілікті сақшылар мекемесінің алдында күшті жарылыс болды, адам шығындары жоқ, бірнеше көлік қираған.
XS
SM
MD
LG