Accessibility links

Британия және Қытай үкімет басшылары Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары жөнінде пікір алмасты.


Бүгін Бейжинде Британия және Қытай үкімет басшылары Тони Блэр мен Уын Чиабао өткізген келіссөздерде негізінен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары әңгіме арқауы болды. Блэр Бейжинге Сеулдан келді, онда ол Оңтүстік Корея президенті Но Му Хенмен келіссөздер өткізіп қайтты. Келіссөздерден соң Британия бас министрі, Солтүстік Корея мәселесін барынша мұқияттылықпен шешу қажет, деген пікірде екендігін білдірді. Менің ойымша, бұл қалыптасқан жағдайдан барынша мұқияттылықпен шығу абзал. Бірақ оны шешу қажет. Және менің пайымдауымша, бұл келіссөздер табысты болса онда біз Солтүстік Кореяға ашық айтуымыз қажет, Сіздер бұл бағдарламадан бас тартып, ядролық қару технологияларын таратуды тияр болсаңыздар онда сіздерге халықаралық қауымдастық өтпелі ел мәртебесіне ие болу мәселесінде қол ұшын беретін болады, - деді Блэр.
XS
SM
MD
LG