Осыған орай шілденің 21-күні Қазақстан Үкіметінің кеңсе бастығы Алтай Тілеубердин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, Үкімет жетекшісінің қырық күнде тындырған шаруасына есеп берді.
Кеңсе жетекшісі алдымен елдегі экономикалық өсімнің тұрақтанып отырғанына мән берді. Ішкі жалпы өнімнің 10 пайызға артқандығына тоқталды. Сонымен қатар көлік өнеркәсібі 9,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі 5,2 пайызға дейін, тауар айырбастау 9,9 пайызға өсіп отыр екен. Инвестиция капиталының өсімі 12,9 пайызды құраса, инфляция тек 2,3 пайыз болды дейді. Қырық күннің ішінде Алтай Тілеубердин мұнай тауары айналымы 36 пайызға өскендігін айтады.
Сонымен қатар кеңсе жетекшісінің мәлімдеуінше Қазақстанда жұмыссыздар саны төмендеген. Жұмыс істеуге қабілетті азаматтар арасында жұмыссыздар сегіз жарым пайызды ғана құрайды екен. Ең төменгі жалақы он екі жарым пайызға көбейген.
Кеңсе бастығы Алтай Тілеубердин Үкімет басшысының парламентте бекітілген жұмыс бағдарламасының жобасы жұмыс тобында пысықталып, бүгінгі күні орталық атқарушы органға жіберілді дейді. Ондағы министрлер мен агенттік төрағалары жұмыс бағдарламасымен танысып болғаннан кейін, осы айдың соңына таман Қазақстан Президентіне ұсынылатындығын айтты.
Кеңсе жетекшісі Алтай Тілеубердин қазіргі таңда Қазақстан экономикасы көтпеген ішкі факторлардан тәуелсіз екендігіне тоқталып, Үкіметтің алдағы уақытта атқаруға тиіс жұмыстарын да қысқаша баяндап берді. Оның айтуынша, ең алдымен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасына сәйкес жұмыс істеу. Келесі үлкен мәселе – комуналды тұрғын үй саласы деп атап өтті Алтай Тілеубердин.
Бұл сала бойынша 90- жылдардың ортасында жүргізілген реформа аяқсыз қалқандығын, енді ескірген тұрғын үй мәселесін қайтсек те шешуіміз керек дейді. Даниял Ахметов үкіметті басқарып отырған қырық күннің ішінде бес рет үкімет отырысын, тоғыз рет бюджет комиссиясының мәжілісін өткізіпті. Әзірге Қазақстанның үш аймағында болған, жер сілкінісі орын алған Жамбыл облысы Луговой өңірінде және Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарын аралаған.