Бұл туралы дүйсенбіде Еуропалық Қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінен хабарланды. Таратылған ақпаратқа қарағанда, бір күндік сапар барысында Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченкомен, ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен, сондай-ақ, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездеседі. Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңа бас хатшысы Джони Акерхолм бастаған өкілдер Алматыға Ташкенттен қайтар жолда ат басын бұрмақшы. Жалпы алғанда, 2003-жылдың маусым айындағы жағдаймен Еуропалық Қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы несиелік қоржыны 759 млн. евроны құрайды.
Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жаңадан тағайындалған бас хатшысы Джони Акерхолм бастаған өкілдері танысу мақсатымен 25-шілде күні Алматыға келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?