Accessibility links

Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шаломның мәлімдеуінше, Иранның ядролық бағдарламасы бүкіл дүние жүзіне, оның ішінде әсіресе Еуропа мен Ресейдің оңтүстік аудандарына қатер болып табылады.


БРЮССЕЛЬ: Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шаломның мәлімдеуінше, Иранның ядролық бағдарламасы бүкіл дүние жүзіне, оның ішінде әсіресе Еуропа мен Ресейдің оңтүстік аудандарына қатер болып табылады. Сильван Шалом журналистермен Еуропалық Одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі бас қосуының сыртында жүздесіп, осындай пікірімен бөлісті. Өткен жексенбі күні Иран Израильге соққы бере алатын “Шахаб-3” атаулы жаңа баллистикалық зымырандармен қаруланатынын хабарлады. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі дүйсенбі күні: Теһран – ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен шығуды көздемейді және қаруын тек қорғаныс мақсатында ғана қолданатын болады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG