БАТЫС ЕУРОПА: Соңғы күндері тұрған аптап ыстықтан Еуропада жаппай өрт шығуда. Кейбір жерде өрт ыстық пен құрғақшылықтан шығып жатса, басқа жерлерде қасақана от қойған жайттар бар. Корсика аралында от жалыны 2 мың гектардан асатын орман алқабын жайпап үлгеріп, өрт Жерорта теңізіндегі осы аралды елдің астанасына жақындап келеді. Францұз өрт сөндірушілері дүйсенбіде елдің оңтүстігіндегі Динь-ле-Бэн қаласының түбіндегі өрттің жалынын ауыздықтай алды. Италияның көп ауданында ауаны көк түтін қаптады, елдің солтүстігінде шіркеулерде халық жаңбыр сұрап дұға оқуда. Орман-тоғайлар, сондай-ақ, Испанияда, Португалияда және Хорватияда өртенуде.
Соңғы күндері тұрған аптап ыстықтан Еуропада жаппай өрт шығуда. Кейбір жерде өрт ыстық пен құрғақшылықтан шығып жатса, басқа жерлерде қасақана от қойған жайттар бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
AzattyqTV