Accessibility links

Ресейдің кәсіпкерлері мен заңгер-мамандары ресми билік пен кәсіпкерлік арасындағы “жаңа қоғамдық келісімге” отыруды ұсынып, президент Владимир Путиннің атына үндеу әзірледі.


МӘСКЕУ: Ресейдің кәсіпкерлері мен заңгер-мамандары ресми билік пен кәсіпкерлік арасындағы “жаңа қоғамдық келісімге” отыруды ұсынып, президент Владимир Путиннің атына үндеу әзірледі. Ол құжаттың авторлары демократиялық институттар мен жекешелендіру нәтижелерін қорғау жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеуді ұсынады. Өз кезегінде, кәсіпкерлер өз іс-әрекеттерінің мейлінше ашық болғанын қамтамасыз етуге, сыбайластық жемқорлықпен күресуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге міндеттенеді. Нақты айтқанда ол Үндеуге - Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағы, “Деловая Москва” Одағы, Мәскеулік Хельсинки тобы және жариялылықты қорғау Қоры қолдарын қоймақшы.
XS
SM
MD
LG