Accessibility links

Сауд Арабиясының астанасы Әр-Риядта, Қассим және Шығыс провинцияларында түрлі террористік топтармен ауыз жаласқан 16 адам тұтқындалды.


ӘР-РИЯД: Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, ол мекеме елдегі аса маңызды нысандарға қарсы даярланған террористік қастандықтарды әшкереледі. Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, ел астанасы Әр-Риядта, Қассим және Шығыс провинцияларында түрлі террористік топтармен айыз жаласқан 16 адам тұтқындалды. Полицияның жүзеге асырған арнайы шараларының нәтижесінде, қопарғыштар жасауға болатын 20 тоннадан аса химиялық заттар және қару-жарақтар мен оқ-дәрі тәркіленді.
XS
SM
MD
LG