НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтағы АҚШ-британ әкімшілігі жасақтаған Ирақтың Басқарушы кеңесін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдайды деген үмітін білдіруде. Кофи Аннан Басқару кеңесінің құрылуын “оң қадам” деп есептейді. Өйткені, оның пікірінше, оның құрамына Ирақтағы барлық әлеуметтік топ пен халықтың өкілдері кірген. Оған қоса БҰҰ-ының Бас хатшысы Ирақтағы халықаралық күштерді саты-сатылармен елден шығарудың мерзімін айқындау қажеттігін және елдегі сайлау жүйесін қалпына келтіру керектігін атап көрсетті. Бүгін, сейсенбіде Ирақтың Басқару кеңесі – егеменді Ирақтың БҰҰ-ымындағы бірден-бір өкілі болып табылатынын жария етеді деп күтілуде.