Accessibility links

Солтүстік Корея тікелей АҚШ пен келіссөз өткізуді көздейді.


Ұлы Британия премьер- министрі Тони Блэрдің хабарлауынша,ендігі жақын күндері АҚШ-тың ,Корей Халық Демократиялық Республикасының және Қытайдың өкілдері арасында солтүстіккореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды қалпына келтіру мақсатында келіссөздер өткізілетін болады. Бұл жайында Тони Блэр Қиыр Шығысқа сапарының аяқталуы барысында Пекинде мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, солтүстіккорея проблемасын шешу барысына Оңтүстік Корея мен Жапония да қатысады. Үш жақты келіссөздердің алғашқы отырысы көкек айында өткен болатын. Вашингтон бұл проблеманың шешімін табуға аймақтағы барлық елдердің қатысуы керек десе, Солтүстік Корея тікелей АҚШ пен келіссөз өткізуді көздейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG