Қыпшақ тайпасынан шыққан қарайымдар Хазар империясы кезінде, 8 -10 ғасырларда, Қырымда тайпалық одақ ретінде өмір сүрген. 8 - ғасырда қарайымдар йудаизмнің Қараизм тармағын құраған.
Кейінірек қарайымдар үш негізгі топқа бөлініп кетеді. 1-топ Қырымда қалады. 2-топ Галицияға қарай қоныс аударады. Ол жер - қазіргі Украина аймағы. Ал үшінші ең үлкен топ 14-ғасырда қазіргі Литваның Тракай деген ауданына қарай көшеді.
17-ғасырдың аяқ шенінде шығыс орталық Европада 30-дан астам қарайым қауымдастығы болған. Бірақ одан кейін бір ғасыр өтер-өтпестен эпидемиялық аурулар, қантөгісті соғыстар кесірінен олардың саны күрт азаяды. Соған қарамастан олар жасайтын елдерде қарайымдар діни қауымдастық мәртебесіне ие болып келген.
Литва Ұлттық зерттеу орталығының 1992-жылғы деректеріне қарағанда, Литвадағы қарайымдар байырғы тұрғындар ретінде шағын ұлт мәртебесіне ие.
Юдаизмнің Қараизм сектасына жататын қарайымдар Библияны негізгі діни кітап ретінде санайды. Олардың діни ғибадат ететін жері кенеса деп аталады. Литва астанасы Вильнюста және Тракай қаласында бәрі болып екі кенеса бар.
19-ғасырдан бастап зиялы қауым, алдын алмаса, Қарайым әдеби тіліне қауып төнетінін ескертіп, Қарайым тілінде кітаптар, газет-журналдар шығаруды қолға алады. Ол кезде жарық көрген сөздіктерде халық ауыз әдебиеті үлгілері – мақал-мәтел, жұмбақтар, өлеңдер көп қамтылғанымен, абстрактылы терминдер, ғылым, техника және философияға қатысты атаулар дерлік кездеспеген.
20-ғасырға дейін Қарайым әдебиетінде Еврей тілі негізіндегі таңбалар пайдаланылған. Бірақ кейінірек қарайымдар қай елде өмір сүрсе солардың әліпбиін қолданған. Олардың Балтық бойында қоныстанған бір тобы 1990 - жылдан бері Литвандардың жазу жүйесіне көшкен.
Қарайым тілі грамматикасын кең көлемде, жан-жақты зерттеген белгілі түркітанушы ғалым Кеңесбай Мұсаев бұл тілдің теориясына арналған бір неше кітаптың ауторы.
Профессор Кеңесбай Мұсаевтің есебі бойынша, Қарайым тілінде сөйлейтіндердің Литвадағы саны 45 адам болса, Украинаның Халич деген кентінде бұл түркі тілінде сөйлетін бес-ақ кісі қалыпты. Сондықтан UNESCO Қарайым тілін қауіп астында қалған тілдер қатарына қосып, оны тілдердің Қызыл кітабына енгізген.
Енді Қарайым тілін сақтап қалып, одан әрі дамыту бағытында бір қатар шаралар жоспарланған. Бұл салада бір неше жоба да бар.
Швециядағы Упсала университетінің Қарайым тілі бойынша маманы, профессор Ева Ксато Йохансеннің жетекшілігінде 1994 жылы Қарайым тіліне арналған дыбыс және бейне жазбалар жасалды.
Сондай-ақ, Қарайым тілінің үйренушілеріне арналған компакт-диск те шығарылған.
Ал көзі тірі бес-ақ адамның ана тілін, ғұрып-әдетін, дәстүрін, мәдениетін сақтап қалу жолында жасап жатқан әрекеттері үшін украиндерге профессор Ксато шын көңілден риза.
"Украинадағы Халич кентінде бес-ақ жасүлкен Қарайым қалғанымен, бұл бестік өте ынтымақты да қайсар қауым. Сол бесеудің күшімен 2002-жылы қыркүйекте Халич кентінде қарайымдар тарихы және мәдениетіне арналған халықаралық конференция өткізілді. Ол шараға етене қызыққандар аз болмады", - дейді профессор Ксато.
Ол конференцияның табысты өтуіне Халич әкімшілігі үлкен үлес қосқан.
Ал, Литвадағы қарайым қауымының мұқтаждықтары үшін Вильнюс пен Тракайдағы қоғамның 250 мүшесі бар көмегін беруде көрінеді.
Қарайым тілінде сөйлеуші жастардың бірі, музыка-саз маманы Карина Фиркавицуйтенің айтуынша, бұл аймақтағы Қарайым тілі мен мәдениетін сақтау бойынша көп шаралар атқарылған.
"Литвалық қарайымдардың Мәдени қоғамы Қарайым тілін сақтап қалу жолында, әсіресе жас ұрпаққа бұл тілді үйретуде өте үлкен жұмыс атқаруда. Жаз айларында арнайы лагерде қарайым балдары үшін тіл үйрену бағдарламасы ұйымдастырылады. Дегенмен, ондай курстарды тек қана жазда емес жыл бойы өткізіп отырған пайдалы", - дейді Карина.
Жас сазгер профессор Ксатоның дайындап отырған компакт-дискіне үлкен баға береді.
"Бұл дискіде сөздік , фонетика мен грамматикаға жеткілікті орын берілген. Қарайым тілі өте қызық тәсілдермен үйретіледі. Болашақ Сабақтар ғылми негізде жазылатын болады", - дейді Карина.
Каринаның айтуынша, қарайым қауымдары жыл сайын өзара кездесіп пікір алмасып, сырласып тұрады екен.
Сіз Қарайым тілінің болашағына сенсіз бе? деген сауалға Карина,
"Ия, сенемін. Бірақ үміт - сенім жоғалса тіл де жоғалады. Рас, Қарайым тілінде сөйлейтіндер аса көп емес. Бірақ әңгіме санда емес. Сенімсіздікке бой алдырғандарды адам деуге келмейді. Тығырықтан шығар жалғыз ғана жол, ол - Қарайым тілінің болашағына деген үміт пен сенім", - деп, Карина Қарайым тілінде бір өлең оқып береді.
Бұл Қарайым өлеңінде өз отаны Тракайдан алыс, жырақта жүрген отандастардың атамекенге, ана табиғатқа деген махабаты, сағынышы поэзия тілімен суреттеледі.
Кейбіреулер сөйлеушісі аз Қарайым сықылды тілдің болашағы жоқ, деп есептейді. Бірақ белгілі тіл маманы, тіл жанашыры, профессор Дейвид Кристал егер қолдау болса, сөйлеуші санына қарамай, тіл сақталып қала алады, деп сенеді.
Мұндай сенімді пікір Қарайымдардың шағын қауымдастығы үшін үлкен рухани қолдау болмақ.