ПЕРМЬ. РЕСЕЙ: Сейсенбі күні Пермь облыстық соты мемлекеттік құпияны жария етті деген айыппен сотқа тартылған жергілікті “Звезда” газетінің 2 журналисі Константин Бахарев пен Константин Стерледевті толық ақтады. Сот мәжілісі екі журналистің кәсіби міндеттері шеңберінен шықпай әрекет жасағанын мойындады. Үшінші айыпталушы – милиция қызметкері Сергей Дудкин – журналистерге мемлекеттік құпия болып табылатын деректерді бергені үшін шартты түрде 2 жыл мерзімге кесілді. Аталмыш қылмыстық іс - “Звезда” газетінің 2002-нші жылғы қазан айындағы санында жергілікті есірткі сатушы мен Қауіпсіздіктің федералдық қызметінің аймақтық басқармасының байланысы туралы мақала жарық көргеннен кейін қозғалды.
Мемлекеттік құпияны жария етті деген айыппен сотқа тартылған ресейлік 2 журналист Константин Бахарев пен Константин Стерледевті толық ақтады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV