ТЕЛЬ-АВИВ: Сейсенбі күні кешкісін Израильдің тыңшылық-барлау қызметіне сілтей отырып Израиль теледидары хабарлағандай, Тель-Авив палестиндік тағы 100 тұтқынды босата алады. Ол хабар Израильдің тыңшылық-барлау қызметінің жетекшісі Ави Дихтер мен Палестина үкіметінің мүшесі Хишам Әбдел Раззақтың Һаза аймағындағы кездесуімен қатар шықты. Израиль түрмелерінде отырған барлық 6 мың палестиндікті босату – Палестина аутономиясы үкіметінің Израильге қойып отырған басты талабы. Осы мәселе Палестина автономиясы мен Израильдің премьер-министрлері Махмуд Аббас пен Ариэль Шаронның жексенбілік кездесуінде талданды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Қытай-Ресей қатынасы
АҚШ-ты алаңдатқан сапар. Си Цзиньпин Мәскеуге не үшін бара жатыр?
AzattyqTV