Accessibility links

Қазақстан қара тізімнен сызылды ма?


Қазақстан АҚШ Конгресінің демократияландыру және адам құқықтарын сақтау жөніндегі талаптарына сай келеді.

Демек Америка Құрама Штаттары Қазақстанға қаржылай көмек беруін жалғастырады. Сыртқы істер министрлігі ақпарат және талдау бөлімінің қызметкері Талғат Жұмағұлов осылай деп хабарлады.

Осы жылдың жаз мезгілінің басында АҚШ әкімшілігі адам құқықтары мен бостандықтары өрескел түрде бұзылып жатқан елдерге қаржылай көмек көрсетуін тоқтататындығы туралы мәлімдеген болатын. Мемлекеттік департаменттің тізімінде адам құқықтары бойынша жағдай АҚШ-тың алаңдаушылығын туғызатын 92 мемлекет тіркелген. Бұл тізімге Қазақстан да кірген болатын. Енді Қазақстан тарапының мәлімдеуінше АҚШ мемлекеттік департаментінің қайта қарауынан кейін, Қазақстанды аталған тізімнен сызып тастаған көрінеді..
XS
SM
MD
LG