Соның айғағы шілденің 22-і күні кешкі сағат сегізде Үкімет үйінде өзінің төрағалық етуімен аймақтық электр энергия компанияларын шұғыл жекешелендіру мақсатына арналған мәжіліс өткізді.
Алдымен Энергетика және индустрия министрлігінің әзірлеген бағдарламасымен таныстырған вице-министр Бірлік Оразбаев аймақтық электр энергия компанияларында бөлшек сауда бағасын қалыптастыру үшін екі бағыт ұсынды. Алғашқы бағытын радикалды деп атады. Мұнда электр энергиясында көтерме сауда сақталады.
Аймақтық энергия компаниясы мен аймақтық энергия станциясы бірігіп, тасымалдау компаниясын құрайды. Ал бөлшек сауда аймақтық энергия компаниясы мен аймақтық энергия станциясы арасында жүреді. Осы арқылы тұрмыстық компанияда бәсекелестік пайда болады. Бірақ вице-министр бұл бағыттың тиімсіз тұстарын да атап кетті. Біріншіден, электр энергиясының бағасы көтеріледі. Екіншіден, толығымен есеп-қисап болмайды.
Тұрмыстық компания деңгейінде өте көп тұтынушы болады. Сондықтан да бұл бағытты жүзеге астыру үшін көп уақыт қажет етеді дейді. Энергетика және индустрия министрлігінің ұсынып отырған екінші жобасы – өтпелі бағыт. Бұл бағыттың біріншіден айырмашылығы электр энергиясын сатып алу және сату аймақтық энергия станциясы деңгейінде өтеді.
Бүгінде республикадағы әрбір аймақтық энергия компаниясына жетіден онға дейін аймақтық энергия станциясы келеді екен. Бірақ бұл бағыттың да кереғар жақтары бар дейді. Мұнда міндетті түрде энергияны аймақтық энергия компаниясына жұмыс істейтін жылу электр станциясынан сатып алу керек. Энергетика және индустрия вице-министрі Бірлік Оразбаев “бұл екі жобаны мен пікір талас болу үшін әдейі ұсынып отырмын” дейді.
Ал сарапшы Кенжемұрат Дүкенбаевтың пікіріне келетін болсақ, энергия саласына бөлшек сауданы міндетті түрде енгізу керек. Оның ойынша, егер бөлшек сауда болмаса, энергетиктердің шығынын жабу қиын. Олардың келтірген шығыны әртүрлі болуы мүмкін. Ал шағын нарық құратын болсақ, шығын көзге көрініп тұрады. Әр шығынды салыстырып жарыс ұйымдастыру керек дейді. Ол сонымен қатар энергетика саласына бәсекелестікті күшейту керек деп отыр. Сарапшының айтуынша, кезінде көтерме саудада энергияның бағасы 2,9-4 центке дейін болған. Бәсеке ортаны қалыптастырғаннан кейін, энергияның бағасы 0,8 центке түскен.
Алайда екі жақтың дайындаған баяндамасына көңілі толмаған Даниял Ахметов бұл жобаларды әлі талқылау қажеттігін, бірақ аймақтық электр энергия компанияларын тез арада жекешелендіру керектігін айтты.
Бүгінде республикада 21 аймақтық энергия компаниясы жұмыс істейді екен. Оның әзірге сегізі жекешеленген.