Accessibility links

Израиль сыртқы істер министрлігінің өкілі палестиндік тұтқындардың бірінші тобы таяу уақытта босатылады деп мәлімдеді.


ТЕЛЬ-АВИВ: Сәрсенбі күні Израиль сыртқы істер министрлігінің өкілі палестиндік тұтқындардың бірінші тобы таяу уақытта босатылады деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, 400 адамнан тұратын тұтқындардың тізімі дайын. Израиль сыртқы істер мекемесінің өкілі, бірақ, бостандыққа шығатындардың тізімінде “Хамас” және “Ислам джиһады” экстремистік топтары өкілдерінің бар-жоқтығын нақты айтпады. Ал Израиль түрмелерінде отырған барлық 7 мыңға жуық палестиндікті тұтқыннан босату – Палестина жағының ең басты талабы. Палестина өкіметі осы мәселені түбегейлі шешуге Израильді көндіре алмаса, Махмуд Аббас – Палестина автономиясының премьер-министрі лауазымынан айрылады деп ескертті. Өз кезегінде М.Аббас АҚШ-қа барған сапарында Вашингтонды Израильге қысым көрсетуге шақырады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG