БЕРЛИН: Терроршылдармен байланыста болды деп айыпталған палестиналық “Әл-Ақса” қайырымдылық ұйымына тыйым салу жөніндегі өкімін Германия соты уақытша тоқтатты. Немістердің Федералдық әкімшілік соты “Әл-Ақса” ұйымын экстремистік “Хамас” тобымен ауыз жаласты және жанкешті террористердің отбасыларына қаржылық көмек берді деп айыптауға негіз жеткіліксіз деп тапты. Германия Федеративтік Республикасының ішкі істер министрі Отто Шили Германияға терроризмге қарсы күрес жөніндегі заңын дереу қайта қарау керек, соттың ол шешімі “санаға қонбайды” деп мәлімдеді.