“ЮКОС мұнай компаниясының төңірегіндегі жағдай елдің беделіне нұқсан келтіреді және инвесторлардың көңіл күйіне кері әсер етеді” деп мәлімдеді, Ресейдің премьер- министрі Михаил Касьянов.Ол бұл жайында Новосибир облысында болған кезде айтты.
Ресей премьер-министрі Касьянов ЮКОС иегерлерінің бірі Платон Лебедевтің ұсталуы жөніндегі өзінің бағыты өзгермейтіндігін айтты.
Оның айтуынша, экономикалық қылмыстар бойынша күдік тағылуы - тұтқындап қамауда ұстауға негіз болмауға тиіс.
Кеше Мәскеу соты ЮКОС мұнай компаниясының “Менатеп” қаржы орталығының директорлар кеңесі төрағасының ұсталуын заңды деп тапты.
Платон Лебедев шілденің 3-і күні 1994 жылы 300 млн долларға жуық акцияны ұрлады деген күдікпен тұтқындалған болатын.