Accessibility links

БҰҰ қару тексеру тобында болған Дейвид Келлидің жұмбақ өлімі


БҰҰ-ның қару-жарақ тексеру тобының қатарында болған британиялық инспектор Дейвид Келлидің жұмбақ өлімі Британия Қорғаныс министрлігіндегі жоғары басшылықты өте ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр.

Соңғы күндері британиялық инспектор Дейвид Келлидің жұмбақ өлімі үлкен әңгіме, дау-дамайға себеп болуда.

Британия бас министрі Тони Блэр Қорғаныс министрлігіне Келли жөнінде БАҚ-на жария етуге ешқандай ұсыныс жасамағандығын айтып отыр.

Дейвид Келлидің өлі денесі жұма күні табылған. Кейбіреулер Келли өзіне қол жұмсаған дейді.

Соңғы кезде Британия Ирақтағы жаппай қырғын қарулары жөнінде тым асыра айтқан, деген мәліметтерді берген бұл саладағы маман-зерттеуші Дейвид Келли деушілер де баршылық..

БиБиСи сәрсенбі күні түнде хабарлағанындай, бір журналисте Келлимен өткізілген сұхбат бар екен. Ол жазбада, мамырдың 29-ы күні, БиБиСи тілшісі Эндрю Джилиган жүргізген әңгіме негізінде Келлидің берген жауабына орай айтылған сындарға қажетті түсініктеме берілген сықылды.

Радио тілшісі Джилиган есімін жарияламай тұрып, барлау қызметінің бір ресми адамының сөзімен, "Британия үкіметі Ирақтағы одақтастар соғысына не үшін қатысқандығын дәлелдеу үшін, Ирақтағы ықтималды қырғын қарулар жөнінде әсіре үлкейтіп, қосып айтқан" - деген.

БиБиСидің ол хабарынан кейін, Британия үкіметінде үлкен әңгіме – даулар басталып кетті. Ал, бұл кезде бас министр Тони Блэр Шығыс Азия елдерінде ресми сапарда жүрген болатын.

Бұл арада БиБиСи хабарында айтылған "барлау мекемесінің қызметкері" Дейвид Келли болар деген сөз тарады. Сол кезден бастап, Келли қысым астында қалған. Британия парламентінде аса қиын сұрақтарға жауап беруіне тура келген. Оның ауыр салдары – Келлидің өлімі болып тұр, - деп жазады тілшіміз.

Міне енді, Британия газеттерінің жазғанындай, бұл мәселеге байланысты қорғаныс министрі Джеоф Хунге шабуыл басталды.

"Таймс" газеті министр Хунның Келлиді ақпараттық кеңістіктен қорғау жөніндегі мәлімдемесі шындыққа жанаса бермейді деп жазса, "Дейли телеграф" енді Қорғаныс министрі саяси оқшаулану жағдайында қалды деп жариялаған.

СиЭнЭн теледидарының европалық саясат бойынша Лондондағы редакторы Робин Өүклидің тілшімізге айтқанындай, министр Хунның қазіргі жағдайы онша мәз емес.

- Меніңше қорғаныс министрі Хун бекерге қыспаққа түсіп отырған жоқ.. Өзара үйлеспейтін мәліметтер берілген, министр алдымен доктор Келлидің қызметтік жағдайын құпия сақтадық десе, Министрліктің ақпарат жөніндегі бөлім директоры Дейвид Келли туралы БАҚ-ында жарияланып кеткендігін мойындаған, - дейді СиЭнЭн тілшісі.

Британия Қорғаныс министрлігінің сейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде жазылғанындай, министр Хун БиБиСи хабарында шындық бұрмаланғандықтан, өз ресми қызметкерлерін Келли жөніндегі мәселеде, журналистермен өзара келісе отырып хабар берулерін бұйырған.

Лондондағы Халықаралық саясат институтының директоры Майкл Кларктің айтуынша, Хун өз қызметкерін қорғап қала алмаған, сондықтан да оған жасалып отырған қысым орынды.

- Қорғаныс министрі Джефф Хун , әрине дәлелденетін болса, БиБиСи - ге қарсы үкіметтік бір науқан ретінде Дейвид Келлиді құрбандыққа шалып отыр. Ал оны аса құпия жолмен іске асырған, - дейді институт директоры Кларк.

Сәрсенбі күні Қорғаныс министрі Хун Дейвид Келлидің отбасына барып, оның қазасына көңіл айтқан.

Ал бұл арада, британиялық БАҚ-дары Келлидің тағдырына байланысты, БиБиСи жариялаған атышулы хабар төңірегінде түрлі пікірлер таратуда.

Сәрснебіге қараған түні тағы да бір БиБиСи журналисі Сүзән Уатс Келлиден сұхбат алғанын айтып, Ирақтағы қарулар жөнінде Блэр үкіметінің ұсынған барлау деректеріне орай, Келли өзінің алаңдаушылығын білдірді деген .

БиБиСи ол дыбыс таспасын, Келлидің өліміне байланысты Лорд Брайн Хаттон жүргізіп отырған тергеу кезінде дәйекті куәлік ретінде көрсетпек.

Сонымен БиБиСи бұл таспамен өзіне жасалып отырған айыптамалардан ақтала алар ма екен?

Бақылаушыладың айтуынша, енді, БҰҰның қару-жарақ тексеру тобы мүшесі Дейвид Келлидің жұмбақ өліміне қатысты және өзге де көптеген күдікті сұрақтарға тек қана Лорд Хаттонның тиянақты тергеулері тиісті жауап бере алуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG