Accessibility links

Ирандағы ирақ босқындары өз Отанына оралғысы келеді


1991 жылғы Шығанақтағы соғыс кезінде Ирақтағы шейілердің көтерілісін Саддам Хуссейн аяусыз қанға батырған кезде, 1 миллион 300 мың ирақтық шейілер көршілес Ираннан пана тауып еді.

Сол босқындардың көпшілігі өз еліне оралуды қалайды, БҰҰ-ның Босқындар бойынша Жоғарғы Дәрежелі комиссариаты бұл игі шараны өркениетті жолдармен іске асырмақ.

1991 жылы Саддам Хуссейн шииілердің көтерісін қанға батырған кезде, көршілес Ираннан пана тауып қалып қойған ирақ босқындары отбасылық режимнің талқандалғанын теледидар арқылы көріп, кез келген зорға одан да зордың табылатындығына көздерін жеткізіп, қуаныштары қойындарына симағанымен, енді елге оралу үшін екұдай ойда жүр.

Бағдадтан оңтүстікте жатқан шииілердің қасиетті қаласы Нәджафтың тумасы, 44 жасар Сәлім Хозайыр 12 жылдан бері Ирандағы Ашраф Исфахани босқындар лагерінде тұрып жатыр.

- Саддам Хуссейн режимінің қудалаулары кесірінен мен туған қалам Нәджафты тастап, осында пана таптым, мен онда мемлекеттік қызметкер едім, бірақ Саддам режиміне оның ықпалы шамалы, өйткені біз оңтүстікте тұрушы шииілер болғандықтан, бұның өзі кінә болып есептеліп, бізді құқықтарымыздан айыруға мүмкіндік беретін, - дейді Хозайыр өзінің дүкенінде отырып, Франс Пресс агентігінің тілшісіне.

Ашраф Исфахани лагері 1 мың 600 шақырымдық Иран Ирақ шекарасы бойында орналасқан 22-і босқындар қалашығының ең үлкені. Ол Ирақ шекарасынан 70 шақырым жердегі Дезфул кентінде орын тепкен, Босқындар мекенінде тұрушы ирақтықтардың мөлшермен 50 мыңы осында жасайды. Қалғандары Иранның батысындағы қалалар мен Техран мен қасиетті Қом шахарында мекендейді.

Босқындардың көпшілігі Ирақтың оңтүстігіндегі Басра маңынан, 1991 жылы Шығанақтағы соғыс кезінде Саддам Хуссейн шииілердің көтерілісін басып жаншығаннан соң , 1 миллион 300 мың ирақтық сол мезгілде Ираннан пана тауып еді.

- Ирақтықтарды отанына қайтару мәселесі оңай шаруа емес,-дейді БҰҰ-ның Босқындар бойынша Жоғарғы Дәрежелі Комиссариатының өклі Мари - Элен Верней Франц Пресс агенттігіне Ашрафи лагерінде.

Ал БҰҰ-ның Босқындар бойынша Жоғарғы Дәрежелі Комиссариатының өкілі Рууд Лаберстің айтуынша:

- БҰҰ-ның Босқындар бойынша Жоғарғы Дәрежелі Комиссариаты бұл адамдардың қауіпсіздігіне алаңдаулы, өйткені біз шекараның ар жағындағы әріптестерімізбен олардың аман- есен оралып, ешқандай қиындықтарсыз жерсініп кетулерін қалаймыз.

Лаберс лагерь тұрғындарымен сөйлескен кезде өз агенттігінің алаңдаушылықтарын жеткізді: " Мен сіздердің ашық та қатты өтініштеріңізді естіп тұрмын, бірақ көші-қон жоспарлы түрде іске асырылуы тиіс."

Босқындардың кейбірі қолдарына : " Біздің елге лайықты жағдайда оралуымызға БҰҰ-ның Босқындар бойынша Жоғарғы Дәрежелі Комиссариаты жауапты" деген керілген матаға жазылған жазулар алып шығып, өздерін мүмкіндігінше тезірек елдеріне қайтаруға шақырды.

Бірақ дүйсенбі күні өткізген баспасөз маслихатында Лаберс тез арада еліне қайтқысы келетіндерге аздаған уәж айтты.

- Ирақ босқындарын еліне қайтару тамыздың басында басталуы тиіс, бірақ бұл намысқа тырысқан жоспар. Біз осы жердегі билік орындарымен келісімге келуіміз қажет, - деді ол.

Лаберс бұрынғы Голландия бас министрі ол арнайы тексерумен келген, өз ойын жалғастырып ол:

- Ирақтықтардың еліне оралуына АҚШ пен Британия қосындары күмәнмен қарайды, бірақ мен оларды көші-қон бейбіт әрі өркенниетті түрде өтеді деп сендірдім.

Оның айтуынша, БҰҰ-ның Босқындар бойынша Жоғарғы Дәрежелі Комиссариаты Ирандағы ауған босқындарының ерікті түрде оралуын қамтамасыз еткен, материалдық- техникалық инфрақұрлымының қауіпсіз оралу тәжірбиесін қолданбақ.

Вернейдің айтуынша, бірінші жеңілдетілген жолмен 100 адамнан тұратын топты еліне қайтару Иранның Ахваз жолымен Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласын жалғайтын Чаламчех шекаралық өткелінде іске асырылатын болады, бұл босқындар Ашрафи Исфахани босқындар лагерінен шығады.

Бірақ ирақтық босқын Сәлім Хозайырдың айтуынша, егер Ирақтағы жағдай дұрыс болса, онда мен не бүгін, не ертең жолға шығамын, бірақ мен онда АҚШ-тың не жоспарлап отырғандығына күмәнім бар. Арабтың мақалы бар, біз қонақты сыйлағанымызбен, одан үш күннен соң, ол қаншаға қалмақ ойда деп сұраймыз. Біз өз еліміздің қожасы болғандығымыздан да азат етушілер деп аталып жүргендерден ,олар қаншаға дейін болмақшы екендерін сұрамақпыз.
XS
SM
MD
LG