Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэллдің есептеуінше, 2005-інші жылға қарай Палестина мемлекетін құру - өте қиын, бірақ жүзеге асыруға болатын шара.


ТАЯУ ШЫҒЫС: АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Пауэллдің есептеуінше, 2005-інші жылға қарай Палестина мемлекетін құру - өте қиын, бірақ жүзеге асыруға болатын шара. Оның атап көрсетуінше, АҚШ пен оның әріптестеріне Израиль мен Палестинаны “Жол картасы” деп аталатын бейбіт жоспарды орындауға көндіре алса, ол шара әбден мүмкін болады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэллдің бұл мәлімдемесі бейсенбі күні Ливан радиосы арқылы беріліп, “Әл-Хайат” газеті басып шығарды. Ал бүгін, жұмада, Палестина автономиясының премьер-министрі М.Аббастың АҚШ басшылығымен кездесуі өтеді. Ал алдағы аптада Вашингтонға Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон келмек.
XS
SM
MD
LG