Бұл жайында бүгін Душанбеде Ауғанстанның қорғаныс министрі Мохаммад Фахим хабарлады. Ол өз сөзінде ынтымақтаса жұмыс істеу жоспарында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновтың тарапынан жасалған ұсыныстарға тоқталып өтті.
Ауғанстан -әлемде ең көп апиын мен героин өндірілетін ел. Ресейлік шекарашылар тәжік-ауғанстан шекарасында үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде контрабандистерден 5 тонна героин тәркілеген.
Ауғанстан мен Тәжікстан басшылығы есірткі бизнесімен күрес мәселесі төңірегінде бірлесе жұмыс істеу туралы келісімге келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV