Accessibility links

Чешен қызын зорлап, сосын өлтірген Ресей офицері он жылға сотталды.


Чешен қызы Эльза Құнғаеваны ұрлап кетіп, зорлап, сосын өлтірген Ресей офицері Юрий Будановтың тағы бір соты кеше толық аяқталды, ол он жылға бас бостандығынан айырылды. Атышулы қылмыс Чешенстандағы соғыстың барысында осыдан үш жыл бұрын жасалған. Буданов қызды өлтіргенім рас, бірақ есімді білмеп едім дейді. Мұның алдындағы сотта Буданов ақыл-есі кемтар деп танылған. Алайда, Жоғарғы сот істі қайта тергеткізді.

Будановтың адвокаты Александр Думилов сот шешімімен келіспей отыр:

- Үкіммен келіспеймін. Бұл – заңсыз, әділетсіз үкім. Үкімді қайта қарауды сұрайтын боламыз. Қорғауымдағы азаматты ақтауды сұрағанымды білесіздер, мен осылай қимылдауым керек. Ең бастысы – ол еш бір себепсіз айыпты деп табылып отыр.

Буданов сол сияқты полковник шенінен және әскери ордендерінен айырылды.
XS
SM
MD
LG