Accessibility links

Бүгін Корей соғысының тоқтатылғанына 50 жыл толған күнін соғыс ардагерлері атап өтісті.


16 ұлт өкілдерінен құралған соғыс ардагерлері бүгін қос Корей елінің арасындағы бейтарап аймақта бас қосып, кезінде үш жылға созылған Корей соғысына нүкте қойған келісім күнін белгілесті. Сол жылдары қаза болғандарға тұрғызылған ескерткіштің ашылу салтанатына екі жарым мың өкілдер, ішінде 900-дей соғыс ардагерлері бар, куә болысты. Бұл салтанатты бас қосу, 1953-ші жылдың 27-ші маусымында сол бейбіт келісім қол қойылған жер, Панмунйомда болды. Бұл күндері 37 мыңдай АҚШ әскерлері мен 700 мыңдай Оңтүстік Корей әскерлері мықты дайындықтан өткен Солтүстік Кореялық бір миллиондай әскерге қарсы жасақталған. Мұндай шаралар 1950-ші жылдың 25-ші маусымында Солтүстік Корея көршілес елге басып кіргеннен кейін, БҰҰ-ның басқаруымен және АҚШ күштерінің бастауындағы15 ел күштерінің қатысуымен, орын алған еді. Одан бергі аралықта екі Корей елінің өзара татуласуға қарай жасаған қадамдары АҚШ тарапынан ресми Пхенянға тағылған айыптаулардан кейін тоқтап қалды. Ол бойынша, Солтүстік Корея ядролық қару бағдарламасын жүргізуде-, деп ресми Вашингтон айыптаған еді. Мұның өзі 1994-ші жылы қабылданған ядролық қарулануды тоқтату жөніндегі екі жақ келісімін бұзу боп табылады-, дейді АҚШ тарапы.
XS
SM
MD
LG