Accessibility links

Ауғанстан елбасы Хамид Қарзай сайлаушыларды тіркеу үшін жаңа департамент мүшелерін әзірлеуді қолға алып отыр.


Ол департамент мүшелері елдің жаңа мемлекет басшысын сайлау үшін, келер жылы болатын сайлауларға қтысушылардың санын анықтамақшы. Өкіметтік теледидардың хабарлауынша, аталған департамент жұмысына бес ауған ресми өкілдері басшылық жасап, сондай-ақ БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілдігінен бес адам қатыспақшы. Соңғы өкілдердің сөзіне қарағанда, тіркеу жұмысы биылғы жылдың қыркүйек айында басталатын болады. Ал, сайлаулардың өзі болса 2004-ші жылдың маусым айына межеленуде. БҰҰ өкілдерінің сөзіне қарағанда, 10 миллионға жуық ауғандықтар тіркеуден өтуі мүмкін. Ал, елде барлығы 25 миллиондай халық бар деп шамалануда. Шындығына келгенде бұл елдегі халық санағы енді ғана жүргізіле бастады-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі. Сайлаушылардың санын анықтау ісінде ауадай қажет деп есептелетін халық санағын жүргізу де қызық тәсілмен жүзеге асырылмақшы. Себебі, отбасыларының тек отағалары ғана есепке алынатын болып отыр. Демек елдің шалғай өңірлерінде өмір сүріп жатқан отбасыларындағы әйелдер саны есепке алынбайтын боп тұр.
XS
SM
MD
LG