Грек полициясы Афинадағы бір тастанды үйге шабуыл жасап онда қылмыскерлер тұтқындығында отырған 28 ирақ азаматын азат еткен.
Түркие мен Европа арасында адам саудасымен айналысқан деген күдікпен 3 кісі тұтқындалған.
Әкімшіліктің айтуынша, азат етілген ирақ иммигранттары арасындағы алты әйел және алты бала өте ауыр жағдайда ұсталған. Ол 28 ирақтық Европа елдерінің біріне өткіземіз деген адам саудагерлеріне 3 мыңнан евро төлеген көрінеді
Оларды саудаға салып жүргендер де ирақтықтар екен.
Енді ол үшеу бүгін дүйсенбіде сот алдында жауап бермек. Ал иммигранттар Ираққа қайта жіберілуі мүмкін.