Accessibility links

Израйыл бас министрі Ариель Шарон АҚШ сапарына келді.


АҚШ президенті Джорж Бушпен өткізілер келіссөздердегі негізгі әңгіме тақырыбы Таяу шығыс жанжалын реттеудегі халықаралық жоспарлардың орындалуы мәселесі болмақ. Өткен аптада, президент Буш Вашингтонда Палестин аутономиялы елі бас министрі Махмуд Аббаспен кездесті.

Жексенбі күні, Израйыл үкіметі өз абақтыларынан 100 палестин тұтқыны босатылады деп хабарлады. Хабарларға қарағанда, Израйыл армиясы Батыс жағалау орталығындағы жол тосқындарын жоя бастаған. Бир Зеит қаласы мен 30 шақты қыстақ, кенттер бағытындағы жолдар да қайта ашылған.
XS
SM
MD
LG