Елші Джон Бләйни АҚШ үкіметі атынан Либерия үкіметі мен бүлікшіл қарулы топ арасында Монровияда жалғасып жатқан шайқастарды жедел тоқтатуға үндеді.
Елшінің айтуынша, Либерияға халықаралық бейбітшілік күштері келмек. Бірақ әзірше, бүлікшіл күштер По өзеніндегі шегара маңайынан кейін шегінер емес.
Ал, АҚШ Қорғаныс министрі орынбасары Пол Вулфовицтің айтуынша, Либерия өзенінің жағалауына келе бастаған АҚШ қосындары ел аумағына президент Тейор қызметінен кетіп, шайқастар тоқтаған кезде ғана кірмек.
Либерия президенті болса халықаралық күштер мемлекет аумағына кірсе, қантөгісті шайқастар тоқтайтын болса өз қызметімнен кетемін, деген.