Accessibility links

Соңғы екі тәулікте, Ирақтағы АҚШ қосындарына қарсы жасалған қарулы шабуылдарда бес американдық әскер қаза тапты.


Соңғы екі аптада ирақтық қарулылар шабылуынан бәрі болып 14 америкалық қайтыс болды. Бұл, АҚШ президенті Буш мамырдың бірінде, соғыс аяқталды , деп жариялағалы берігі ең ауыр қантөгісті ай есептеледі. Мамырдың алғашқы күнінен бері 49 америкалық қаза тапса оның 27сі шілде айына тура келді. Шілденің 27сі жексенбіде Бағдаттан 30 шақырымдай жерде Ал-Хасват деген кенттегі көпір алдында американдық тағы бір теңізші мерт болған. Ал Саддамның ұлдары өлтірілгеннен кейін сенбі күні АҚШтық төрт әскер оққа ұшты. Жексенбі күні, Бағдаттың оңтүстік батысындағы Қарбала қаласында Ирақ шииттері, америка саясатына қарсы наразылық шарасы кезінде, АҚШ әскерлері және Ирақ полициясымен қақтығысты. Хабарларға қарағанда, ирақтық бір азамат қаза тауып, үш азамат жарақат алды. Қарбала уәләйатындағы АҚШтық әскери әкім, полковник Марк Лопездің айтуынша, ол қақтығыс бір қарулының екі рет оқ атқанынан кейін басталып кеткен.

- Қарбаладағы полиция бөлімшесіне, азаматтарға және коалициялық күштерге жасалған қандай да болсын қарсылық әрекеттеріне біз төзе алмаймыз. Біз үшін Қарбаладағы қауыпсыздықтың маңызы орасан зор. Сондықтан, коалициялық күштер Қарбала қалалық кеңесіне және полиция күштеріне өз қолдауын жалғастыра бермек,деді АҚШтық полковник Марк Лопез.
XS
SM
MD
LG