Боснияда бүгін аршыла бастаған ортақ қабірде, сот орындарының зерттеушілері сөзіне қарағанда, бірнеше жүздеген Мұсылман ер адамдар мәйіттері көмілген болуы мүмкін. Оларды 1992-95-ші жылдары Босния сербтері қырып салған-, дейді Франс пресс ақпарат агенттігі. Жоғалған жандарды іздестіру бойынша Босния Мұсылмандары комиссиясының өкілі Мұрат Хөртчтің сөзіне қарағанда, бұл қабір бұған дейін табылғандарының ішіндегі ең ірісі болуы мүмкін. Аталған қабір орыны бұдан екі жыл бұрын, Сребреницаның солтүстігіндегі Зворник қалашығы маңынан табылған болатын. Сол жылдардағы соғыс барысында Босниялық сербтер бір ғана Сребреница аймағының өзінде жеті мыңдай Мұсылман ерлер мен ұл балаларды өлтірген екен. 1995-ші жылдың шілдесінде бұл жерге БҰҰ-ның бейбітшілік сақтау күштері енгізілген еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV