Accessibility links

Либериядағы жанжалды жағдай одан әрі жалғасуда.


Кеше көтерілісшілер АҚШ тарапының атысты тоқтату жөніндегі ұсынысын қабылдамай тастады. Көтерілісшілер мен өкімет күштері арасындағы шайқастар одан әрі жалғасып отырған жағдайда Либерия астанасы тұрғындары үшін ауыз су мен азық-түлікке қол жеткізу қиындай түсуде. АҚШ Қорғаныс хатшысының орынбасары Паул Волфовиц аталған жағдай жөнінде былай деді. “Бұл елде атыстар тоқтатылып, сондай-ақ Либерия елбасы Чарлз Тейлор биліктен кеткеннен кейін ғана АҚШ әскерлері елге енетін болады. Бұл жерде БҰҰ-ның және Батыс Африка елдері жауапкершілігінің орнаған жағдайында ғана біз оқиғаны реттеуге араласамыз. Келісімге апаратын жолда ғана біз көмек көрсетуге әзірміз-, деді Волфовиц мырза.

Ал, елбасы Тейлор болса, жағдайды реттейтін сыртқы күштер елге енгенде ғана өзінің биліктен кететіндігін мәлімдеп отыр. Тейлор мырза- БҰҰ жанындағы соғыс қылмыскерлері ісін қарайтын сот тарапынан назарға ілінген тұлға. Батыс Африка елдері басшылары Либерияға жағдайды реттеуші күштерді жинақтап, жіберу сауалдарын бүгінгі басқосуларында қарайды деп жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG