Accessibility links

АҚШ , 540 палестин азаматын азаттыққа шығарған Израйльдің бұл іс-әрекетін мақұлдап отыр.


АҚ үй өкілі Скот МкКленанның айтуынша, Израйльдың бұл қадамы Палестина елімен өзара байланысты нығайтуға септігін тигізеді, бейбітшіліктің тіктелуіне көмектеседі. Бұл игі шара Израйль бас министрі Ариель Шаронның Вашингтон сапары қарсаңында іске асып отыр. Бүгін сейсенбіге Шаронның президент Бушпен кездесуі жоспарланған. Ал бұл арада, дүйсенбі күні, Батыс жағалауда Израйль әскерлері , Израйль тұрғызып жатқан қаупсыздық қорғанына қарсы бас көтерген азаматтарға оқ жаудырып , бесеуін жарлаған. 300 дей наразы шеруші Анеендегі қорғанның дарбазасын қиратпақ болған. Қауіпсіздік қорғаны жөніде Израйль сыртқы істер министрі Сильван Шалон дүйсенбі күні Йерусалемнен тұрып

"Біз тұрғызып жатқан қауіпсіздік қорғанының маңызы аса зор. Ол бейбітшілік үдерісі үшін қажет. Қорған әсірешілдердің жолын кеседі", -- деген министр.
XS
SM
MD
LG