Accessibility links

Соғыстан кейінгі Ирақтағы саяси процесс тек БҰҰ-ның аясындағы халықаралық күштердің бақылауымен болуы керек.


Осылай деп атап көрсетілген бүгін жарияланған немістің стратегиялық зерттеулер жөніндегі Бертельсман қорының сараптамасында. Онда Ирақтағы жағдайға сараптама жасаған АҚШ-тың ,Ресей мен басқа да бірқатар Еуропа елдері саясаттанушыларының пікірлері берілген. Бұл зерттеуде айтылғандай, Ирақтағы процесске ирақтықтардың өзі тезірек қатысуы керек. Ал, Ирақтағы еркін сайлауларды жаңа Конституцияның негізінде жүзеге асыру келесі жылы мүмкін болады. Сонымен бірге Бертельсмен қорының сарапшылары Ирақтағы еркін сайлаулардан кейінгі саяси процессте халықаралық бақылаумен жүзеге асуы тиіс. Сондықтан АҚШ-тың әскери жасағы Ирақта әлі бірнеше жылға қалуы керек деп есептейді қор мамандары.
XS
SM
MD
LG